Сахих хадистерден
Сахих хадистерден
НӘПСІ
«Аллаһ Субхана Уәтағала нәпсіні сынаймын деп Нәпсіні ең әуелі отқа 3 күнге салып алып шығады. Сосын сен кімсің Мен кіммін деп сұрайды. Нәпсі – мен менмін Сен сенсің деп жауап береді. Аллаһ Тағала оны мұзға үш күнге салады, алғаннан кейін сен кімсің Мен кіммін десе, нәпсі мен менмін Сен сенсің деп жауап қатады. Құдыретті, барлығын Білуші Иеміз нәпсіні тамақсыз, тіпті сусыз үш күнге қалдырады. Үш күннен нәпсіден сұрайды Ал енді сен кімсің, Мен кіммін? Сонда нәпсі мен құлмын Сен Аллаһ Тағаласың деп жауап берген». Бұл әңгімеден біз нені түсінеміз? Сонда нәпсі тек аштықты жеккөрем ма? Әрине, сөзсіз аштық нәпсіні тыйяды. Бірақ нәпсі тек аштықта ғана білінбейді, біз осыны ұмытпауымыз керек. 
Адамның еріншектігі мен жалқаулығы, намазға тиянақты қарамауы, оразасын аса ыждахаттылықпен ұстанбауы, балағат сөзбен сөйлеуі, осының барлығы нәпсіге жатады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл туралы былай дейді: «Мен өз үмметімнің екі нәрсега ұшырайма деп қорқам. Біріншісі ол үлкен қарын, екіншісі жалқаулық пен ұйқы». Бұл сөзден біз нені түсінеміз? Яғни, үлкен қарын дегеніміз, тамақты тым асыра жеу. Ал ұйқы болса, қазіргі кезде жастық пен біз ұйқыға көп көңіл бөлмеуіміз керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ерте жатып, таңғы ертеде таң намазына тұратын. Оған қарамастан түнгі уақытта тахажут намазына тұрып үлгеретін. Бұл ненің белгісі, әрине бұл иманның жоғары екенінің белгісі. Ал иманыңыз берік болсаңыз, нәпсіңіз өзінен-өзі сізден аулақ жүреді. Нәпсі Алланың адамзатқа берген бір үлкен сынағы. Махмұд Қашғаридің сөзін тыңдасақ: «Еріншекке есік те асу көрінер, Жалқауға бұлтта жүк көрінер».


ОТАН
Отанды сүю жайлы сөз қозғасақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде былай бяандайды: «Отанды сүю иманнан» - деген. Яғни иманның ең шыңы Алланы бірлеу болса, соның ішіне отан сүйспенлішігі де жатады екен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) кезінде, яғни 1400 жыл бұрын, Меккенің барлық мұсылмандары өз туған жерінен қудаланған болатын. Олар Пайғамбарымыздың сахабалары, яки ең бірінші мұсылман қатарына қосылғандар болып есептеледі. Барша Сахабалар (р.ғ.) Пайғамбарымыздың соңына еріп Медина қаласына қоныстанған болатын. Біз оны хижра дейміз. Міне осы кезден бастап мұсылмандардың хижра жылы басталады. Қанша қудаланса да, қаншама азап шексе де өз елін, өз жерін ұмытпай сабыр сақтаған. Міне, отанға, жеріне, жалпы жанұясына деген махаббат осындай болу керек сірә. 
Бізге жеткен бір аңыз әңгімеде былай деп айтылады: «Бір күні ғұлама адам үйінде отырып өз досын күтіп отырған екен. Досы келсе ғұламаның үстелінде екі шырақ тұр екен. Біреу үлкенірек болса, екіншісі сәл кішірек. Әлгі ғұлама адам үлкен шырағын өшіріп әңгімесін бастайын деген де, досы – Сен неге үлкен шырақты өшіріп кішірегін қалдырдың, мен бұл әрекетіңді түсінбедім деп айтады. Сонда ғұлама – Үлкен шырақ ол мемлекеттің шырағы, ал кішкентай шырақ ол өз ақшама сатып алған шырағым. Біз екеуіміз дәл қазір өз шарауамызды шешуге кездесен жоқпыз ба?» – деп жауап берген екен.
Біз қайда жүрсекте отанымызды сүйіп, өз елінің патриоты болсақ иманымыздың жоғары деңгейде болғаны. Нағыз мұсылманның белгісі екені мәлім. Олай болса отанымызға деген сүйспеншілігіміз, адалдығымыз, істеген еңбегіміз артып, иманымыз нығая берсін!

МҮМИННІҢ СИПАТЫ
Жалпы Исламда мүминнің сипаты деген ұғым бар. «Мүмин дінде қуатты яғни, дінді мықты ұстайды. Жұмсақ бола тұрып – табанды. Иманда – тұрақты. Білімде – ынталы. Талапта – сабырлы. Ғылымда – саналы. Байлықта – үнемді. Кемтарлықта – шыдамды. Ынта, тілекте яғни, өзіне бір нәрсе талап еткенде – ұялшаң. Кәсіпте адал. Туралықта таупықты. Басқаруда белсенді. Құмарлыққа есті яғни, құмарлыққа елікпейді. Әрекет еткенге – қамқор болушы. Мүмин - өзін күндегенге жәбір көрсетпейтін Аллаһ Тағаланың құлы. Жақсы көргеніне және аманатқа қиянат етпейді. Күндемейді. Масқаралап, даттамайды да тіл тигізіп лағынеттемейді. Өзіне қарсы болса да, растықты мойындайды. Жалған ат қойып, мазақ етпейді. Намазда – момын, зекетте – асығыс. Күйзелісте – байсалды да байыпты. Молшылыққа – шүкір етуші. Барына – қанағатшыл. Мүмин бөтеннің нәрсесінен дәмеленбейді және дөрекіліктен аулақ болады. Бір жақсы іс істеуін қаласа, оған жоқшылық кедергі бола алмайды, мысалы, барымен бөлісу. Мүмин адамдармен жақсы қатынаста болып, ақылға қонатын сөз айтады. Аллаһ Тағаланың қамқорлығына лайық болу үшін зұлымдық пен қысымшылыққа сабыр етеді». Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл Сахих хадисі Әл Хакимнен риуят етіледі.
«Мүмин сап алтынның құймасы тәрізді. Алтынды отқа салса қоспадан тазартады, сонымен қатар арасы жақсы нәрсені қорек етіп, пайдалы нәрсені өндіреді. Және мүминді құрммен салыстырса болады. Одан не нәрсе алсаң да пайдалы, яғни, мұсылманнан тек жақсылықты көресің» деген Пайғамбарымыз (ғ.у.у.). 
Тағы бір хадисінде Расулуллаһ (с.а.с.) былай деп баяндайды: «Мүминдердің абзалы – жүрегі таза, тілі шыншыл болған мүмин» - деді. Адамдар: «Таза жүрек қандай болады?» - деп сұрағанда. Ол (с.а.с.): «Тақуа, күпірліктен таза, күнә істеу ниеті мен әділетсіздіктен аулақ, кек сақтамаған және күншіл болмаған жүрек» - деді.
- «Ондай жүректің иесі кім?
- Дүниені ұмытып Ақыретті қалағандар.
- Одан кейін кім?
- Мінез – құлығыжақсы болған мүмин».
Нағыз мүмин болып, адамдыққа тырысайық. 
Баршамызға да екі дүние бақытын нәсіп етсін! АМИН!!!

ЖӘННӘТ
Аллаһ Тағала айтады: «Жәннәтта көз көрмеген, құлақ естімеген, тіпті адам жүрегі қалап көрмеген нәрселерді дайындап қойдым». Бұл айтылғанға Аллаһ Тағаланың Кітабындағы: «Істеген игіліктері үшін қандай жақсылық әзірленгенін бірде-бір адам білмейді» - деген сөзі дәлел бола алады. (Сәжде сүресі, 17 аят.). 
Пайғамбарымыз айтады: «Жәннәтта бір ағаш бар. Салт атты оның бір шетін екі шетіне, арнайы дайындалған жүйрік атпен жүз жыл шапса да жете алмайды». Бұл хадисті имам Бухари мен Муслим риуаят етті. 
Расулуллаһ (с.а.с.): «Жәннәтта сырты ішінен және іші сыртынан көрінетін бөлмелер бар» - деді. Бір бәдәуи тұрып: «Я, Расулуллаһ! Ол бөлмелер кім үшін?» - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Жақсы сөз айтқан, мұқтаждарды тамақтандырған, оразасын ұстап, адам ұйықтап жатқанда намазын оқыған үшін» - деп жауап берді. Жақсы сөз айтқан дегеніміз – балағат, жалғандық пен өсек аяңнан аулақ болғанды меңзеп отыр. Адамдар намазын ұйықтап жатқанда намазын оқыған – яғни, түнін нәфіл, тәһәжжүд намаздарын оқумен өткізген адам. 
Адамның Жәннәтқа кіруіне көп септігін тигізетін нәрсе ол – «Тақуалық пен көркем мінез». Тақуалығымыз артып, көркем мінезділігіміз еш уақытта таусылмауға жазсын!
 
Аманжол ӘлиАманжол Әли
5 жыл бұрын 2511
0 пікір
Блог туралы