БӘС ТІГУ – ҚҰМАР ОЙЫНҒА ЖАТА МА? немесе бір бармағын ішіне бүккен букмекерлік кәсіп
Үлкен спорт – тек салауатты өмір салты емес, сондай-ақ, үлкен табыстың көзі. Бүгінде бұл бұлжымас қағидаға айналды. Соны ескеріп, балаларын тенниске, футболға үйретіп жүрген ата-аналар да жоқ емес. Өйткені бүгінде допты дұрыс тебе білсең, долларды уыстап ұстауға болады. Атағыңды алты қырдан асырып, әлемге әйгілі қылатын «әулиелігі» тағы бар спорттың. Әйтеуір кәсіби спорт – қазынасы ортаймайтын қамба іспетті…Бүгінде осы қамбадан кәнігі спортшымен қатар қарапайым жанкүйер де өз үлесін алып жүр. Олар – алаңға шыққан спортшының әр адымынан ақша сауып отырған...