Мұсылман әйелінің сыртқы келбеті қандай болу керек?
Мұсылман әйелінің сыртқы келбеті қандай болу керек?

Мұсылман әйелінің киімі оның беті мен қолынан басқа бүкіл денесін жауып тұруы керек. 
Киім әйелдің дене мүшелерін көрсетпеуі керек.
Әйел адамның киімі еркек адамның киіміне ұқсамауы тиіс. 
Биік өкшелі аяқ-киімнен бас тарту мұсылман әйелі үшін қалаулы іс. 
Хиджаб әйелдің басын, мойнын және кеудесін түгел жабуы тиіс. 
Киімін кәпір-әйелдердің киіміне ұқсатуға тырысатын мұсылман әйел күнә жасайды. 
Сонымен бірге, мұсылман-әйел пайғамбарымыздың с.ғ.с. мына сөзін есте сақтауы жөн: «Алла Тағала сендердің сыртқы келбеттеріңе немесе байлықтарыңа қарамайды, алайда сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды» (Хадисті Абу Хурайра риуаят етті). 
Құранда келесі аят түсірілген: «Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық». ("Аъраф" сүресі, 26).
Бұл аятта Аллах адамдарға ұятты жерлерін жауып жүруін бұйырды. 
Ислам киімге қатысты әдеп нормаларын нұсқау еткен: 
1. Киімнің тазалығын сақтау қажет. Тирмизидің хадистер жинағында келесі хадис келтірілген: «Тазалық – иманның жартысы». 
2. Киім дене пішіндерін көрсетпеуі керек. Әсіресе бұл шарт әйелдерге қатысты. Муслим келтірген сахих хадисте былай делінген: «Ақырет күні тозақ адамдарының екі санаты болады: сиыр құйрығына ұқсас қамшымен адамдрады сабайтын еркектер мен киінген, сонымен бірге жалаңаш тәрізді әйелдер. Олар өздерінің артынан ер-адамдарды еліктіреді, олардың басындағы шаш түйенің өркештері тәріздес. Бұл адамдар жаннатқа кірмейді және Жаннаттың алысқа таралатын иісін де сезбейді. 
3. Балиғат жасына жеткеннен кейін мұсылман қызы беті мен қолдарынан басқа өзінің бүкіл денесін көрсетпегені жөн. Шашы, қолы, аяғы және т.б. тиым салынған дене мүшелері көрінетін киім кию әйел адам үшін харам болып саналады. Абу Дауд жеткізген хадисте былай делінген: Әйел бала кәмелет жасына жеткеннен кейін ол үшін беті мен қолдарынан басқа жерлерін көрсету харам болады. 
4. Әйел адамның киімі ер адамдардың киіміне ұқсас болмауы тиіс. Себебі пайғамбырымыз Мухаммад әйелдерге еліктейтін еркектер мен еркектерге еліктейтін әйелдерге лағынет жасады деп Абу Хурейрадан риуаят етілген.
5 Үйден шыққанда немесе өзіне махрам емес ер адамдардың жанында болған уақытта әйел адамға иіссумен (парфюм) қолдануға тиым салынады. Бұл Абу Хурейра, Абу Муса аль Ашари сияқты сахабалардың пайғамбарымыздан жеткізген хадистерінен көрінетіні айдан анық.
6. Киім мақтанушылық пен менменшілікке әкелмеуі тиіс. Пайғамбарымыз былай деген: «Егер кімде-кім бұл өмірде киімді мәртебелі және атақты болу үшін киетін болса, Алла Тағала оларды Ақырет күні кемсітеді.» (Хадис ибн Умардан риуаят етілген).

Аманжол ӘлиАманжол Әли
9 жыл бұрын 12982
2 пікір
  • Аллаһ разы болсын!
    Бір ғана ескере кететін жайт: бізде кәмілет жас деп 18 жасты айтады. Ал қыз балаларға балиғат жасқа (9-15 жас аралығында) толғаннан бастап әурет жерлерін жауып жүру парыз болады! Осының айырмашылығына мән беріп жазғанымыз дұрыс болады...
    9 жыл бұрын
    • С.а. Шынар сиздин айтканыныз дурыс. Бирак бизде 9-15 жас аралыгындагы оз кызына хиджаб кигизсен экстремист болып шыга келесин. Сен ар турли жерге шакырып, жан жактан акыл айтп, сонында или баска жакка кошип кетесиз или кызыныздын орамалын оз колынызбен шешесиз.
      9 жыл бұрын
Блог туралы